БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотталушының қылмысы қауіпті деп танылды. Ол сондай-ақ жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.
Сот талқысында белгілі болғанындай, 2015 жылғы 27 желтоқсанға қараған түні А.Догруев өз үйінде бірге тұрған көңілдесімен және таныстарымен арақ ішеді. Соның барысында көңілдесімен сөзге келіп, оның басынан орындықпен көптеген соққы жасайды. Соның салдарынан әйел көз жұмған. Қылмысын жасыруды көздеген А.Догруев В.Пянкевичтен көмектесуді сұрайды, ол келіседі. Бұдан кейін В.Пянкевич таныстары Р.Ғабдуллин мен Е.Досжановпен кездесіп, оларды А.Догруевтің үйіне алып келеді. Р.Ғабдуллин мен Е.Досжанов әйелдің мүрдесін көргеннен кейін бұлардың ұсынысынан бас тартады. Тіпті Р.Ғабдуллин А.Догруевтің бетінен ұрып, ол есінен танып қалады. Бұдан зәресі ұшқан В.Пянкевич қашып кетеді. Соны пайдаланып, Е.Досжанов пен Р.Ғабдуллин ноутбук пен теледидарды жымқырып, оқиға орнынан бойтасалайды.
Сот үкімімен В.Пянкевич ҚР ҚК 432-бабына сәйкес айыпты деп танылып, ол 2 жылға бас бостандығынан шектелді. Е.Досжанов ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге әрі маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге сотталды. Р.Ғабдуллин ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 2 жылға бас бостандығынан шектелді. Соңғы екеуіне 434-бап бойынша да айып тағылғанымен, қылмыс құрамы болмағандықтан, ақталды.