18:12, 26 Наурыз 2009
Бірқатар облыстық сот және алқа төрағалары тағайындалды
АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Елбасы Жарлығына сәйкес бірқатар облыстық сот және алқа төрағалары тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ЖС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көкшетауда Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми мен Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков Ақмола облыстық сотының жаңа төрағасы Ақжан Ештайды және азаматтық істер бойынша коллегия төрағасы болып тағайындалған Анарбек Рамазановты таныстырды.Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып Нұрғазы Әбдіқанов, Қызылорда облыстық сотының төрағасы болып Марат Сабырбаев тағайындалды. Жоғарыда аталған соттардың бұрынғы төрағалары қызметін атқарған Өмірсерік Қожабаев пен Қалидолла Шауқаровтар Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынысымен Жоғарғы сот судьяларының бос орындарына сайлауға түспек.
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша алқасының төрайымы болып Қайынжамал Бұқбанова тағайындалды. Досжан Әміров пен Асқар Смайылов Жамбыл облыстық соты сот алқаларының төрағалары болып тағайындалды. Шығыс Қазақстан облыстық сотында азаматтық істер бойынша сот төрайымы қызметін Бақытжан Шарнаева, ал Павлодар облыстық сотында - Гүлнәр Рысбекова иеленетін болады.Бұдан басқа, Астанада, Алматыда және Алматы облысында жаңа аудандық соттардың құрылуына байланысты, Астана қаласы Есіл аудандық сотының, Астана қаласы Есіл ауданының №2-ші аудандық сотының, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының, Алматы облысы Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағалары тағайындалды.