Министрдің айтуынша, жекешелендірудің бір жарым жылы ішінде 71 млрд. теңгеге 218 нысан сатылған. Оның ішінде 67 нысан жаңа иесін тапса, 63 нысанды заңды тұлғалар-инвесторлар сатып алған. 87 нысанды қазіргі иелері қайта сатып алса, 1 нысан халықтық ІРО арқылы мыңдаған азаматқа сатылған.
«Дегенмен, сатылымға шығарылмаған және сатылмаған нысандар бойынша проблема бар. Негізінен олар бизнес үшін тартымды емес коммуналдық меншік нысандары», - деді Б.Сұлтанов.
Мәселен, оның дерегіне сәйкес Алматы облысында 25 нысанның 3-еуі сатылымға шығарылмаса, 22-сі сатылмаған. Сондай-ақ мұндай нысандар саны Солтүстік Қазақстан облысында - 20, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында 12-ден бар.
«Бұл бастапқы сәттен жергілікті атқарушы органдардың тізімді қалыптастыру барысында нашар жұмыс істегендігін білдіреді», - деді Б.Сұлтанов.