«Бірлік» партиясының мүшелері шаңырақ құрып жатқан жастарға тосын сый жасады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана «Бірлік» партиясының мүшелері шаңырақ құрып жатқан жастарға ерекше сый жасады.

Атап айтқанда, партия өкілдері «Бақыт» неке сарайына неке қию рәсімен келген Еділхан Нарынбаев пен Перизат Рысмағамбетова есімді жас жұбайларды құттықтауға келіп, ақ тілектерін білдірді. Өз кезегінде жастар өздерінің қуаныштарымен бөлісуге келген партия өкілдеріне алғыстарын білдірді.

«Бірлік» партиясы мүшелерінің біздің қуанышымызға келіп, құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп жатыр. Осы орайда барша туыстарымыздың атынан сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз»,-деді Еділхан Нарынбаев.

«Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалиевтің айтуынша, партия тарапы арнайы бекітілген бағдарлама аясында еліміздегі жастарды қолдау негізделген шараларды жүзеге асырмақ.

«Біздің партияның тарихын білетін болсаңыздар, «Бірлік» жас партия болып табылады. Осы орайда біз өткізіп жүрген барлық шаралар, оның ішінде қайырымдылық шаралары жастармен байланысты. Бұл бағытта Тәуелсіздігіміздің құрдастарымен тиісті жұмыстарды атқарудамыз, жас таланттарды іздейміз және оларға гранттық қолдау жасауға тырысамыз. Атап айтқанда, бүгінгі оқиға өте маңызды, сондай-ақ біздің жастарға қолдау көрсету бойынша бағдарламамыздың қадамдарына сәйкес келіп тұр. Елдің болашағы жастардың күш-жігерімен іске асырылатынын ескере отырып, олардың жарқын жолына тиісті жағдайларды жасауға тиіспіз»,-деді С.Сұлтанғалиев.