«Біртұтас Ресей» партиясының XI съезіне 600-ден астам делегат пен 2 мыңнан астам қонақ қатысады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қарашаның 21-де Санкт-Петерборда өтетін «Біртұтас Ресей» партиясының XI съезіне 600-ден астам делегат пен 2 мыңнан астам қонақ қатысады.

ҚазАқпарат тілшісіне  партияның баспасөз қызметінен    хабарлағандай,  съезд жұмысына  Ресей  Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев  қатысады.  Ал негізгі   баяндаманы  партия төрағасы,    РФ  Премьер-Министрі  Владимир  Путин жасайды.