Бүгінде Қазақстанда 11 зейнетақы қоры жұмыс істейді, мемлекет бұл жүйенің жақсы жұмыс істегенін қалайды, деп атап көрсетті Г.Марченко.
1999 жылдың соңында екі миллион зейнетақы есепшоттары болды, қазір - сегіз миллионнан асты. Зейнетақы қорлары салымшыларды өз жағына тарта бастады, салымшылардың ақшалары шашпашылыққа ұшырады. Көптеген қорлар аффилирлік компаниялар болды, 28-ге тарта қор банкротқа ұшырады.
«Бірыңғай зейнетақы қорына ешкімді де өз жағына тартудың қажеті жоқ. Екіншіден, онда аффилирленген тұлғалар жоқ, үшіншіден комиссиялық деңгей өзгереді», - деп нақтылады Ұлттық банк басшысы.
«Ертең ҚР Парламенті Мәжілісінде заң жобасы бірінші оқылымда талқыланады», - деп хабарлады Г.Марченко.