«Қала тұрғыны қаладағы қоқыс контейнерлерінің бірінен ішінде қаруы бар жәшік тауып алды. Ер адам ерікті түрде қаруды тәртіп сақшыларына тапсырды. Қазір оқ-дәрінің және қарудың онда қалай барғаны тексеріліп жатыр», - хабарлайды Бішкек қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Жәшікте ME8DETECTIVE маркалы тапанша, 2 граната жарғышы, 2 газ баллоны және белгісіз тапаншаның 4 оқ қорабы болған.