Оған Азияның 14 елінен ерлер мен қыздар арасында 100 спортшы қатысуда. Бүгін бұл байрақты бәсекенің алғашқы сайыстары өтеді. Ел намысын ерлер арасында - 8, әйелдер арасында 7 атлет қорғайтын болады. Олар - Ерболат Жоламанов (62 кг), Әділбек Балқаев (69 кг), Ғалымбек Жұбатханов, Айдар Қазов (77 кг), Владислав Цой (85 кг), Дмитрий Ұланов (94 кг), Максим Лактионов (105 кг), Василий Кошелев ( 105) және Әсел Амангелді (48 кг), Әсел Сәрсекенова, Сәуле Сәдуақасова (58 кг), Мәдина Ташкенбаева (63 кг), Майра Файзоллаева (69 кг), Елена Парфентьева (75 кг), Бота Қалымова ( 75 кг). Ал жарыс қожайындары ерлер арасында - 8, қыздар арасында 2 спортшы ғана қосып отыр. Жалпы бұл дүбірлі дода 7 шілдеге дейін жалғасады.
09:04, 04 Шілде 2013
Бішкекте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Кеше Бішкек қаласындағы Қожамқұл атындағы спорт сарайында ауыр атлетикадан жастар арасындағы ХХ Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті.