Жалпы есеп бойынша алаң иелері көш бастады: олар 36, 39, 46, 50, 76, 85 және 100 киләға дейінгі салмақ санаттарында жеңімпаз атанды.
Үш алтын медаль Қазақстанға аттанды. Алтынды Айбек Мардилов (42 киләға дейінгі салмақта), Нұртай Нұрғалиев ( 69 киләға дейін) және Қыдыралы Жансеитовтер (54 киләға дейін) қанжығалады.
Осымен 15-ші рет өткізіліп отырған турнирдің аясы жыл сайын кеңейіп, қатысушылар саны көбеюде.