Ол шараға мемлекеттік органдардың, парламенттің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен жиналатын қатысушылар Интернеттегі сөз бостандығының деңгейі туралы мәліметтермен алмасады және саладағы жалпы ахуалды талқылайды.
Соғыс және бейбітшілікті БАҚ беттерінде көрсету институтының өкілдігі форумды Еуропалық комиссия қаржыландыратын «Адам құқықтарын қорғау және Орталық Азияда БАҚ арқылы құқық қорғау саласы бойынша білім беру» жобасының аясында ұйымдастырып отыр.