ҰҚШҰ баспасөз қызметшісі Владимир Зайнетдиновтің айтуынша, дүйсенбі күні отырыс барысында ҰҚШҰ шеңберінде сыртқы саясатты реттеуді жетілдіру, 2020 жылға дейін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын дамытудың негізгі бағытттарын жүзеге асыру және тиісті шаралар жоспары, оның ішінде қарулану үлгілері мен әскери техниканың, оның сипаттарының сәйкестігінің тізімі мәселелері жоғары деңгейде талқыланбақ.
ҚКХК отырысы барысында қауіпсіздік кеңесінің хатшылары ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің лаңкестікпен, экстремизммен және шекаралық қылмыспен күрес бағытында өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, шекаралық қауіпсіздік мәселелерін ортаға салады.