Бішкекте таулы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған халықаралық конференция ашылды

БІШКЕК. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясында Халықаралық Тау күніне орайластырылған конференция басталды.

«Таулы мемлекеттердің азық-түлік  қауіпсіздігі»  мәселесіне     арналып отырған  бұл  жиында  БҰҰ-ның  Мыңжылдық даму мақсаттарының   аясында  таулы мемлекеттердің  азық-түлік  қауіпсіздігін   қамтамасыз  етудің  негізгі   экономикалық   және  қаржылық тетіктері талқыланады.  Сондай-ақ, жаһандық жылымықтың таулы    елдердің  экология-экономикалық жүйелеріне   әсер ету  проблемасы  мен   оған  бейімделудің   тетіктері    туралы  сөз болады.

Конференция  жұмысына     АҚШ, Еуропа, Орталық және  Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен    үкіметтік және    ғылыми топтардың  үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері   қатысуда.