ОРАЛ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында 2012 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақсай қаласын абаттандыруға 132 млн.теңге бөлініп, қаражат толықтай игерілді.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Ақсай қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді.
2013 жылы 452,8 млн. теңге сомасында мақсатты трансферттер және несиелер бөлу көзделіп отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).