Министрдің айтуынша, бүгінгі күні елде кардиологиялық және кардиохиругиялық (8 арнайы орталық, 24 кардиохирургиялық және 48 кардиологиялық бөлімшелер бар) тиімді қызмет құрылды.
«Бұл 2010 жылы қазақстандық хирургтерге ашық жүрекке оталар жасауға мүмкіндік берді. Ол үшін алыс және таяу шет елдерде кардиохирургия саласының екі жүзден астам маманы дайындықтан өтті», - деді ол.
Оның айтуынша, қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде қан айналым жүйесінен болған өлімдер саны 20 пайызға азайды (2004 жылы 100 мың адамға шаққанда - 517,7; 2010 жылы - 406,4).
С.Қайырбекова сондай-ақ, отандық медицина мамандары жүрек алмастыру оталарын жасау мәселесін шешуге жақын қалғанын айта келе: «2011 жылы Астана мен Павлодарда хардиохирургиялық орталықтарды іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді.