Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жөнделетін ғимараттардың 31-і - білім беру, 1-еуі - әлеуметтік қорғау, 3-еуі - мәдениет нысаны болып табылады.
Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 613 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 316 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.
Бүгінгі күні 30 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 364 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 204 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.
Еске сала кетейік, 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлініп, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылған. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.