Бұл заңсыз тексерулердің тағайындалуына тыйым салу Шығыс Қазақстан (205), Солтүстік Қазақстан (183), Батыс Қазақстан (158), Қостанай (158) облыстарында және Алматы (169) мен Астана (155) қалаларында орын алған.
«Ал тексеру тағайындаған органдарға келсек, заңсыз тексерулерді тіркеуден бас тартуға байланысты шаралар санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына - 676 мәрте, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және оның құрылымдық бөлімдеріне -253, Төтенше жағдайлар министрлігі мен оның құрылымдарына 188, салық қызметтеріне -282 және ішкі істер органдарына -159 мәрте қолданылған»,- деді Ж. Өмірәлиев.
«Кейбір жағдайларда, бақылаушы органдардың жекелеген лауазымды тұлғалары кәсіпкерлерге қатысты тексеруді ешқандай тіркеусіз, яғни заңмен белгіленген тіркеу тәртібін бұза отырып жүргізген фактілері анықталды. Мұндай заң бұзушылықтардың 1990 фактісі белгілі болды. Олардың көпшілігі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (637), ауыл шаруашылығы (593), төтенше жағдайлар (357) , әкімшіліктер (271) және ішкі істер органдарынында (227) анықталды»,-деді ресми өкіл.
Бас прокуратураның Комитеті кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылу фактілері бойынша 200 ұсыныс енгізді, сондай-ақ осының нәтижесінде 290 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.