«Сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компанияларды ортамерзімді кезеңде қор нарығына шығарудың нақты тізімі анықталады. «Самұрық-Қазына» бекіткен екі компанияны ағымдағы жылы қор нарығына шығару бойынша дайындық жұмыстары басталады. Бұл «KEGOC» АҚ мен Маңғыстау электр таратушы желілік компаниясы», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы қор нарығына «Самұрық-Энерго», «ҚазТрансГаз» және басқа компаниялар шығарылады.
15:47, 14 Сәуір 2014
Биыл «KEGOC» АҚ мен «Маңғыстау электр таратушы желілік компаниясы» IPO-ға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ мен «Маңғыстау электр таратушы желілік компаниясы» АҚ «Халықтық IPO-ға» 2014 жылы шығарылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.