Бұл туралы Қазгидрометорталықтың директоры Баян Сазанова Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Оның айтуынша, салқын ауа райы еліміздің барлық өңірлерінде сақталады. Тек оңтүстік аймақтарда күн жылынып, қалыпты жағдайда сақталады. Солтүстік өңірлерге көктем мезгілі наурыздың соңы, сәуірдің басында келеді деген болжам бар.
«Ал оңтүстікте наурыздың орта шенінде қар еріп, көктем басталады», - дейді Б. Сазанова.