Есепті кезең ішінде департамент қызметкерлері экономикалық бағыттағы 183 қылмысты анықтап, оның ішінде 158 қылмыстық істі сотқа жолдады. 47 қылмыс - жемқорлық, өзгесі қаржылық-экономикалық сипатта жасалған.
Департаменттің жеке құрамына жемқорлыққа қарсы күресте нәтижелілікті арттыру бойынша жаңа нақты міндеттер жүктелді.