АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,2 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Биылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3536,4 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 3,3 пайызға артық.
Атап айтқанда, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.