«Медеу» мұз айдынына биылғы қысқы мусымда күні бүгінге дейін 260 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылғы бүкіл маусымдағы көрсеткіштен 60 мың адамға артық. Ал Шымбұлақта сырғанаушылар саны 20 пайызға өсті. Осы маусым басталғалы, күні бүгінге дейін Шымбұлаққа 90 мың сырғанаушы мен 90 мың демалушылар келді. Сондай-ақ, өз автокөлігімен келетіндер де бар», - деді Е. Еркінбаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Шымбұлаққа өткен жылғы маусымдағы күндердің бірінде бір күнде - 7 мың адам келіпті. Ал биылғы маусымда рекордтық күндердің бірінде - 10 мыңнан астам адам келген. Өткен жылы Медеуге бір күнде 7 мың адам келсе, биылғы рекорд - 13 мыңға жуық адам.
«Бұл сандарға қарап, қала тұрғындары арасында табиғат аясында белсенді демалу мәдениеті өте танымал бола бастағанын көруге болады. Адамдар тек сырғанау үшін емес, жәй серуендеу және таза ауамен тыныстау үшін де келеді. Бұл тұрғыда трекингтің (жаяу туризм) әлеуеті жоғары. Оның үстіне, күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, біз тарифті қымбаттатқан жоқпыз және келушілерге әр түрлі жеңілдіктер ұсынып отырмыз. Сондай-ақ, бізде осы кешендерде жазда демалу үрдісін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді «Chimbulak Development» жетекшісі.