Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтбаева айтты.
Оның айтуынша, зардап шеккендердің саны 13 980-ді құрап, 2 029-ы қаза тапты.
«Былтырдан бастап ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамдардың жарақаттануына немесе қаза болуына алып келген жол-көлік оқиғаларын бірыңғай статистикалық есепке алуды жүргізу турасында уәкілетті орган болып табылады. Жол апатының ауқымы пайымдағанымыздан анағұрлым өзекті екенін байқадық», - дейді С. Айтбаева.