Оның айтуынша, болашақта бағаға қатысты мәліметтердің сапасын арттыру үшін бағаларды тіркеу мен алғашқы ақпараттық бақылауды қағазсыз технология негізінде жүргізу шарасы қолға алынбақ. «Бұл шараны біз осыған дейін Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жүзеге асырылатын шаралар аясында қолға алмақ болғанбыз», - деді агенттік төрағасы.
Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, статистикалық жұмыстардың мәліметтері негізінде 2010 жылы агенттік өкілдері 189 статистикалық бақылау жүргізіп, оның аясында 190-нан астам заңды тұлғалар мен филиалдарды және өкілдіктерді тексерген.