Мемлекет басшысының сөзін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин оқып берді.
«Абылай ханның 300 жылдығы елдігіміздің бедерлі бір белесі. Осыған орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастырылуы да, оның айбынды ханымыз орда тіккен киелі Көкше жерінде өткізілуі де өте орынды. Біз бұл жиында Абылай ханның ерекше еңбегін ашып көрсетумен шектеліп қалмауымыз керек. Бәрінен бұрын Абылай ханның қолы неге жетті, неге жетпеді, бабамыз нені армандады, бізге нені аманаттады, болашақ ұрпақтарынан нені күтті, келер күндерге нені ескертті, біз сол заманның тарихынан қандай тағылым аламыз деген сауалдарға жауап іздеп, табуға тырысуымыз керек», - деді Президент.