Мемлекет басшысының атап өтуінше, атом электр стансасын қай жерде салу керектігін шешіп алу керек. Мәселен, батыс мұнай мен газға, орталық көмірге бай. Бұл өңірлерге атом стасасының қажеттілігі туындамауы мүмкін. Сондықтан да Үкімет атом электр стансасы салынатын орынды айқындап, оның жұмысымен айналысатын компаниялармен келіссөздерді қолға алуы тиіс.
«Біздер Қазақстан атом электр стансасына иелік етуге тиістіміз әрі біз оны жасай да аламыз», - деген Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы В.Школьникке ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына дейін атқарылар жұмыстарды пысықтауды тапсырды.