«Бүгінде лаңкестік барша әлемге қауіп. Бірақ оған діннің не қатысы бар?! Бұл мәселеде ең бастысы - адамдардың білім өрісін кеңейту, бұл жайында кеңірек мағұламаттармен қаруландыру. Біз ислам дінін карикатураға айналдырмауымыз керек, керісінше оны құрметтеп, оған жапа шектіргендерді карикатура нысанына айналдыру керек», - дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, лаңкестік топтар исламға өзінің кеселін тигізіп отыр.
«Ислам өзінің тұрпаты бойынша, бейбітшіліктің діні болып табылады. Дінді жамылған арам пиғылды топтар бұл дінге өз залалын тигізуде. Дін жолындағы қылмыс - дінге жасалған қиянат. Сондықтан бұған өте мұқият болғанымыз абзал», - деп атап өтті Митрополит.
Еске сала кетейік, Charlie Hebdo газетіне 2015 жылдың 7 қаңтарында лаңкестер шабуыл жасаған болатын. Оның басты себебі - газетте Ислам дініне және Мұхаммед Пайғамбарға жасалған сатиралық шығармалар мен карикатуралардың жариялануы еді.
Нәтижесінде 12 адам қаза тауып, 11 журналис жарақат алды. «Әл-Каида» мен «Ирак пен Левантаның ислам мемлекеті» ұйымдары жауапкершілікті өз мойындарына алды.