Әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
- Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының нәтижелерін оң бағалаймыз. Еліңіз бұл тұрғыдан алғанда үлкен табыстарға қол жеткізді деп есептеймін. Біз Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қырғызстандағы ахуалды реттеудегі маңызды рөліне ерекше разымыз, - деді Я.Кубиш.