Біз Қазақстанмен тек жақсы әріптес-одақтас ғана емес, екі бауырлас мемлекетпіз - Игорь Чудинов

КЕК. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Қазақстанның елордасы – Астанада екі бауырлас республика арасында ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкіметаралық кеңесінің отырысын өткізуге даярлануда. Маңызды кездесудің алдында өз резиденциясында болған эксклюзивті сұхбатта «ҚазАқпараттың» сұрақтарына Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Игорь Чудинов жауап қайтарды.

- Игорь Витальевич, таяу уақытта Астанада біздің мемлекеттеріміз басшыларының шешімімен құрылған екі бауырлас мемлекеттің Үкіметаралық кеңесінің кездесуі өтеді. Алдағы форумға даярлық қалай жүргізілуде? Алдағы кездесуде бірінші кезекте қандай мәселелерге көңіл бөлінетін болады? Сіз Өзіңіздің әріптесіңіз Кәрім Мәсімовпен болатын жаңа кездесуден не күтесіз?

 - Біріншіден, Қазақстан Премьер-Министрімен бірлесіп талқылайтын мәселелер айтарлықтай көп. Мен біздің мемлекеттеріміздің басшыларының қарапайым үкіметаралық комиссияның орнына Үкіметаралық кеңес құру туралы шешімі біздер Қазақстанмен бірге тек сауда әріптесі-одақтасы ғана емес, екі бауырлас мемлекет екенімізді тағы да айқын көрсетті. Сондықтан, екі бауырлас мемлекет арасында маңызды емес мәселе болмайды. Сұрақтар көп-ақ. Әрине, біздерді су, су-энергетика ынтымақтастығы толғандырады. Біздер оларға міндетті түрде көңіл бөлетін боламыз. Күн тәртібінде шекаралас саудаға - екі облыста шекаралас сауда өңірін құруға қатысты мәселе бар. Өзара тиімді қадамдардан не күтеміз және біздердің базарларымызда тікелей сауда жасауға екі ел ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші-шаруаларға қандай мүмкіндіктер береді. Қазақстандағы біздің еңбек мигранттарымыздың мәселелері өте маңызды екенін жасырмаймын. Менің сапарым кезінде қол қойылатын заң біріншіден, осы қатынастардың нормативтік-құқықтық базасын құруға мүмкіндік береді - қалай болғанда да біздің ресми 65 мың еңбеккеріміз Қазақстанда жүр. Қазақстанның экономикасы үшін маңызды және күрделі кезеңде не қазақстандық, не біздің тарап бұл проблемаларды елемеген сыңай таныта алмайды. Меніңше мәселені нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестендіру үшін өте жақсы және қолайлы шешім таптық деп ойлаймын, ол осы азаматтарды Сіздерде, осында да еңбекке орналастырудың барлық мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қырғызстанның аумағында жұмыс істейтін қазақстандық инвесторлардың ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалмайды деп ойлаймын. Вице-премьер Өмірзақ Шөкеевпен жақында болған кездесуде олардың мәселелері алдағы Үкіметаралық кеңесте қозғалатын болады деп ұйғардық. Мысалы, Қырғызстанның аумағында - Қадамжай сүрме комбинаты, цемент зауыты, Тоқмақтағы кірпіш зауыты, қазақстандықтар инвестор болып табылатын тағы да бірқатар қазақстандық кәсіпорындар жұмыс істейді. Мен сіздердің Үкіметтеріңіздің дағдарысқа қарсы бағдарламасында Қазақстан кәсіпорындарына қолдау көрсету бағдарламасының бар екенін білемін. Сондықтан мен, осы кәсіпорындарға да Қазақстанда қырғызстандық кәсіпорын ретінде қарамай, қазақстандықтардың үлкен бизнесі деп қарауын қалар едім. Өйткені олар өз бизнесін осында жүргізгеніне қарамастан Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасының шарттарымен пайдаланған болар еді. Бұл да ортақ мәселе емес пе? Мен үшін бұл мәселе Қырғызстандағы өндіріс және жұмыс орындары, Сіздер үшін - бұл сіздердің бизнестеріңіздің орнықты дамуы, өз инвесторларыңызға қолдау көрсету. Күн тәртібінде барлығы жиырма екі сұрақ бар, мен олардың ірілерін атадым.

- Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы шараларын халықаралық сарапшылар ТМД кеңістігіндегі ең тиімді бағдарламалардың бірі ретінде таниды. Біздің әріптестеріміз кейбір нәрселерді қаперіне алды. Қазақстан тәжірибесінің ішінде Қырғызстан Үкіметі үшін іс жүзінде қызығушылық туғызатындары бар ма?

 - Қырғызстандағы экономикалық проблеманың табиғаты, Қазақстанда басталған қаржы дағдарысының өзі - әрқайсысы әр басқа. Дегенмен, Сіздерде - банк жүйесінің проблемасы үлкен. Әрине, қазақстандық басшылардың осы бағыттағы қабылдаған шаралары қызықты екені сөзсіз. Бірақ экономиканың құрылымы біздерде сәл-сәл басқаша, сауда теңгерімінің құрылымы басқаша және экономикалық дағдарыс бойынша жағдай да басқаша... Шын мәнінде, Қазақстанды жаулап алған қаржы дағдарысының дәрежесі Қырғызстанда болған жоқ. Бірақ біздер Қазақстанның экономикасындағы проблеманың Қырғызстанның өндірісіне әсер ететінін түсіндік, өйткені үлкен кәсіпорындар, тәртіп бойынша, Қазақстан рыногына жұмыс істеді. Сіздер Ресейден кейінгі - көлем бойынша екінші сауда әріптесімізсіздер. Әрине, бұл толқынның біздерге де келетінін түсінеміз. Осыған байланысты біздер Банктерді қаржыландыру қорын құрып біршама алдын алу шараларын қабылдадық. Бұл егер банкте Қазақстандағы қаражат жеткіліксіз болса, онда біздің ұлттық банкте қайта қаржыландыру үшін қажет - өйткені Қырғыз Республикасының банк секторының 30 пайызы - қазақстандық инвестициялар. Екіншіден, егер біздер Қазақстандағы депозитті базада проблема болатынын көрген болсақ, онда депозиттік банктік жүйесін сақтау үшін депозиттерді сақтандыру қорын (Үкімет Ұлттық банкпен бірігіп) құрған болар едік. Түптеп келгенде біздердің мұны тұрақтандырудың сәті түсті. Әрине, депозиттердің өсуі 2007 жылдағыдай және 2008 жылдың бірінші жартысындағыдай емес. Бірақ солай болғанымен, депозиттер өсуде. Банктік жүйедегі өтімділіктің нашарлауын көріп отырған жоқпыз. Қазақстанның ұлттық валюта бағамы бойынша қабылдаған қадамдары біздердегі сауда теңгерімінде біздерден мұндай қадамдар қабылдауды талап еткен жоқ. Әрине, девальвация жүріп жатқанымен біздер сомды «ұстап тұрмыз», бірақ ол бірқалыпты жүргізілуде. Біздер үш валютаға - юаньға, теңгеге және Ресейдің рубліне қараймыз. Егер сіздер жыл басында Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан бес бағытты алатын болсаңыздар, экономиканы қолдау үшін Қырғызстан Үкіметінің кейбір бағыттары мен күштері осы бес бағытқа сәйкес келеді. Әрине, бұл проблемалар біздерде ортақ екені және осы жағдайдан бірге шығу керектігі дәлелденіп отыр.

- Қазақстан мен Қырғызстанның қатынасы тарихи достық тұрғыда деп есептеледі. Біздің халықтарымыз тарихы, тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі бойынша бір-біріне жақын, біз бауырлас халықтармыз. Олардың үлкен келісімдік-құқықтық базалары екі елді тек саясатта ғана емес, сонымен қатар экономикада да жақын етеді. Дағдарыстан бірлескен іс-қимыл арқылы ғана аз шығынмен шығуға болады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Үкіметтері қандай жоспарларды жүзеге асырмақ?

 - Бұл мәселелер тек екі жақты кездесулерде ғана талқыланып отырған жоқ. Бұл дегеніңіз сөзсіз, әзірге жұмыс істей қоймаған қазақстандық инвестициялық қор құру. Бұл идея толық жұмыс жасауы үшін біз бүгінгі күні кездесіп отырған кедергілерді алдағы уақытта толығымен шешеміз деп үміттенеміз. Сонан кейін, шекара маңындағы сауда - бұл да бірлескен жұмыстардың нәтижесі. Мен бұған дейін айтқанмын, егер Қырғызстанның өндіріс секторында жұмыс жасап жатқан қазақстандық бизнес Қазақстандағыдай дағдарысқа қарсы бағдарламаны пайдаланатын болса, бұл да болса аймақтағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бірлескен шаралардың жемісі, бұл жалпы жағдайды жеңілдетеді.

 - Қырғызстан Үкіметі қалыптасып отырған бірқатар объективті жағдайларға байланысты әзірге шешімін таппай келе жатқан еңбек мигранты жөніндегі мәселені жиі көтеріп отыр. Сіздің республиканың еңбек мигранты Қазақстанның экономикасының әр секторында еңбек етеді. Қазіргі күнде біздің елдеріміз арасында қандай мәселе туындап отыр, бұл мәселені шешуде қырғыз жағы не ұсына алады?

 - Қол қойылады деп жоспарланып отырған жеке кәсіпкерлік жөніндегі келісім, осы қалыптасып отырған кедергілерді шешуге бағытталған. Қазақстанның, оның ішінде әсіресе сауда саласындағы заңнамалары Қырғызстанның жеке кәсіпкерлерінің тікелей жұмыс жасауына құқықтық жол бермеді, соның салдарынан көтерме сауда және басқа да іскерлік әріптестіктерде кедергілер болды. Осы Келісімге қол қойылғаннан кейін аталған кемшіліктер жойылады. Үлкен жұмыссыздық болары алдында біз бұған түсіністікпен қарадық, өткір қарсылықтар болған жоқ. Жұмыссыздықты Қазақстанда да күтті. Әрине, Қазақстанда жұмыс жасаған адамдар туралы мәселе көтерілді. Қырғызстанға адамдардың жаппай кетуінің алдын алдық, қазір жағдай бірқалыпқа келді. Келісімге қол қойылғаннан кейін осындай келеңсіздіктер орын алмайтын болады.

- Біздің елдеріміз аймағындағы су-энергетикалық ынтымақтастық мәселесі қалай шешілуде? Дәл қазіргі уақыттағы жағдай қалай ? осы маусымда біз сусыз, сіздер жылусыз қалмайсыздар ма? Қазақстан жағы бірнеше рет көтерген су-энергетикалық консорциум құру мүмкін бе?

- Бақытымызға қарай, бұл мәселе бойынша Қазақстанмен арада түсініспестік болған жоқ. Төрт жақты келісімге қол қою мүмкін болмаған жағдайдың өзінде, біздер Қазақстанмен екі жақты келісім жасасып, осы мәселені шешу жөнінде ортақ ұстанымға келіп отырдық. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен қазақстандық тарапқа өткен жыл үшін алғысымды білдіргім келеді, өткен жылы су аз болды, Сіздерге 2009 жылы қажет су көлемін біз Тоқтағұл су қоймасында сақтайтынымыз туралы қазақстандық үкіметпен ортақ тіл табыстық, өзімізде су тапшылығы сезілді. Сіздер бізден осы жылдың (2008 жыл, қараша) электр энергиясын сатып алдыңыздар, соның нәтижесінде мазут, көмір секілді қажетті заттарды Қазақстаннан сатып алу арқылы біз Бішкек қаласындағы ЖЭО қуатын көтере алдық. Біз бұл көлемді үнемдей алдық және электр энергиясы мен су жіберу жөніндегі биылғы жылғы міндетемелерімізді де орындаймыз деп ойлаймын. Әдістің бұл түрі жаңа емес. Бұрынғы кеңес кезінде бұл тәсіл жап-жақсы жұмыс істеген. Соңынан түрлі себептерге байланысты ұмытылып қалды. Судың аздығы мәселесіне түсіністікпен қараған Қаақстанның өткен жылғы қадамы Қырғызстанның қыстан ойдағыдай шығуына жағдай туғызды. Сонымен қатар, бұл Қазақстан, Қырғызстан және Орталық Азиядағы әзірге ортақ энергия жүйесін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Биыл да біздер осы бағытта жұмыс жасаймыз, мәселенің бәрін реттейміз деп үміттенем. Түсіністік бар, тетік іске қосылды, әріптестер арасында - «Электр стансылары» ААҚ мен KEGOC арасында өзара сенім пайда болды. Сұхбат соңында Игорь Чудинов Алматы-Ыстықкөл автомобиль жолының құрылысы жөнінде мәселе көтергісі келетінін атап өтті. «Бұл жолдың құрылысы Қырғызстан туризмін дамытуға және алматылықтар мен жалпы қазақстандықтардың демалыс мүмкіндіктерін кеңейтуге қызмет етеді. Бұл жоба, әрине көптеген түйткілді мәселелерді, оның ішінде Қырғызстанның туристік саласын дамытуға үлкен көмек болар еді», - деп атап өтті Қырғызстанның Премьер-Министрі.