Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға Гиннестің Рекордтар комитетінің сертификаттарымен қоса, ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Туфлилерінің биіктігі 8 сантиметрге жететін «бізбикелер» жарысына 100 әйел мен бір ер азамат қатысты. Агенттіктің ақпараты бойынша, осынау шарада жиналған қаржының барлығы Сүт безінің қатерлі ісігімен күрес жөніндегі ұлттық қорға аударылмақ.