Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкімет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары барысында жұма күні жер қойнауын пайдаланушы-компаниялармен шарттық мінеттерді орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
«Қазақстан шетелдік инвестицияларды жақтайды және қол қойылған келісім-шарттарға кепілдік береді. Біз өте маңызды болып табылатын ел мүддесін ескеруге тиіспіз және оларды жіті және айқын жақтаймыз. Сондай-ақ біз шетелдік кәсіпорындарда жұмыс жасап жатқан Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғайтын боламыз», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.
Қазконтентті дамыту мәселелері біз үшін өте маңызды әрі басымдықты болып табылады, деп қосты К.Мәсімов.