Біз Жамбыл облысын өркендеген аймаққа айналдыру үшін бәрін істеуге тиіспіз - Қанат Бозымбаев

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Облыс әкімдгі алдында облысты өнеркәсібі дамыған, шағын және орта бизнес саласы өркендеген аймаққа айналдыру үшін қолдан келгеннің бәрін істеуі тиіс». - деді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев бүгін өзінің есепті баяндамасында.

Аймақ басшысы Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік секторға бағдарланғанын ескере отырып, аудандарда ауыл еңбеккерлерін қолдау шаралары белгіленгенін атап көрстетті, ол үшін ауылға шетелдік және жеке капиталды инвестициялау мүмкіндігі көзделген облыстық бағдарлама жасалуда.

Бюджетке қатысты әкім «бүгінде облыстық бюджет даму бюджетіне айналмай отыр, алайда қаржыны кәсіби және ұқыпты бөлген жағдайда бюджетті толық көлемінде орындаудың мүмкіндіктері бар» деп атап өтті.

Қ.Бозымбаев бүгінде облыста инвестициялық саясат жасалмағанына назар аударды. «Өкілетті мемлекеттік органдардың инвестициялық саясаты дамымаған, белгіленген міндеттер негізінен қағаз жүзінде қалған. Біз отандық қаржы институттарымен қатар шетелдік инвестицияларды да тартуымыз қажет» - деді әкім.

«Жамбыл облысы бұрын өнеркәсіп саласындағы кадрлардың жоғары әлеуетімен даңқы шыққан болатын. Бізде үлкен стратегиялық шикізат қоры бар, ол аймақтың индустриялық-инновациялық дамуына негіз бола алады», - деді облыс басшысы. Ол аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту, өнім көлемін, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдерді экспортқа шығару мәселелеріне кеңінен тоқталды.

«Облыста 2010-2014 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық женделдете даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, бірыңғай басқару орталығы құрылды, ол инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына бақылау жасауда. 2010 жылы жалпы көлемі 9,6 млрд. теңгенің 15 инвестициялық жобасы жоспарланып отыр», - деді Қ.Бозымбаев.