Біздің арна өз аудиториясының тұтынушыларын ақпаратпен қанағаттандыруға дайын ? «Хабар» АҚ бас директоры

АСТАНА. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Наурыздың 23-інен бастап «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде берілетін жаңалықтар топтамасының саны арта түседі. Жаңа бастама көрермендерге жаңалықты тек «бүгін» деп қана емес, сонымен қатар «қазір, осы минуттарда», - деп бастауларына да жол ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Хабар» Агенттігі» АҚ бас директоры Гүлнәр Ықсанова әңгімелеп берді.

- Күні бойғы ақпараттар ? бұл еліміздің саяси, әлеуметтік секторын, қоғамдық, мәдени және спорттық өмірін толығымен қамтитын тақырып - көрермендерге оған қатысушылардың түсініктемелері арқылы, сарапшылардың қатысуымен дамытылып және жан-жақты талданып беріледі. Аймақтағы оқиғалардың тікелей репортаж форматында берілуінің маңызы зор. Ол үшін техникалық ресурс жеткілікті. Оқиғаның адамдарға және олардың өміріне тигізер әсері бізді қатты толғандырады. Біз, арнадан берілетін ақпараттың ресми көздерден алынуы және оның толық берілуі секілді өзіміздің қалыптасқан брендімізді бұдан әрі де сақтап қалатын боламыз.- Гүлнәр Мұстақымқызы, теледидардың әлемдік шарайна екендігі белгілі. Дегенмен, бүгінгідей ақпараттық технологияның дамыған кезінде бұл қаншалықты өзекті?- Ия, шынында да әлем туралы танымдық материалдар тарататын қазіргі заманға сай ақпараттық көздер аз емес. Теледидар бүгінде бірінші нөмірлі әлемдік шарайна емес. Керісінше, теледидардан гөрі интернет қызметіне жаппай мойын бұра бастағандық байқалады. Мұны, жаппай жаһанданудың үрдісі деп түсінгеніміз дұрыс. Бүгінде телеарналар бұрынғы кеңес дәуіріндегіден бөлекше жұмыс жасап, жаңаша интерактивті тәсілдерді кеңінен қолдануда. Бұрындары еліміздің бас телеарнасы көпжанрлы эфир беріп, дүниетанымдықты қалыптастыратын. Ал, қазіргі уақытта эфир интерактивті, көрерменнің түрлі ақпараттар алуға мүмкіндігі зор. Сол арқылы адамдар өздерін қызықтыратын, өздеріне нақты қажет бағдарламаны таңдайды.Бүгінде эфирлік теледидар, интернет және өз орны бар арналар арасында күшті бәсекелестік жүріп жатыр. Эфирлік телеарналар бойынша әлеуметтік демографиялық топтарды зерттеп білуге, қоғам үшін маңызды идеологияны жүргізуге және адам жанына қажетті барлық рухани хабарларды табуға болады. Бұдан бірнеше жыл бұрын белгілі бір тақырыптарға мамандануға бейімделсе, бүгінде «Хабар» арнасы өз көрерменіне жан-жақты өнімдер ұсынады. Бүгінгі таңда іскерлік ақпараттар, экономика, қаржы секторындағы оқиғалар саналы адамдардың барлығын бей-жай қалдырмайды. Біз кәсіпкерлік бағыттағы ақпараттық және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар өндірісін дамытудамыз. Бизнес шолу күндізгі жаңалықтың жаңалықтар блогының ажырамас бөлігі болмақ. Желілік экономикалық форматтар ? «Бизнес-мекен» таңертеңгілік жобасы, «Экономика бүгін» қорытынды бизнес-шолу, «Биржа» - жобалары ақпараттық хабарлар аясын кеңейте түседі. Олар экономика және қаржы секторындағы құбылыстар мен оқиғалардың мән-мағынасын көрермендерге мейлінше ұғынықты, жан-жақты етіп таратады. ТД-дың бүгінгі таңдағы басты мақсаттарының бірі ? қазіргі таңдағы уақыт қиындығына ұшыраған адамдарға тығырықтан шығу жолдарын түсіндіру, қандай да бір жағдайдан шығудың дұрыс жолын меңзеу болып табылады. Бұл жағдайда басты басымдық ? еліміздегі әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға беріледі.- Ақпараттық кеңістікте шекара болмайды. Қазақстан аласапыран ақпараттар тасқынының ықпалында қалып отыр, сондықтан да отандық ТД-өнімдерінің бәсекелестігін күшейту керек. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар өз елінде тұрғанымен оның қоғамды толғантып отырған мәселелерін біле бермейді...- Бүгінде әлемде теледидар стандарты қалыптасты, «телеқарау» заңдылығы және басқа да түрлі әлеуметтік зерттеулер қортындылары бар. Бізге жаңалық ойлап табудың қажеті жоқ. ТД-дың өте жоғары технологиясының үлгісі бола алатын батыстық және ресейлік арналар бар. Көрермендермен жүздесудің технологиялық қырлары мен коммуникациялық ұстанымдары бірінші кезекке шығарылады. Сонымен қатар ТД-өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мәселесі тағы бар. Оған барлық технологиялық жетістіктерді ? Үкіметтің, Президенттің, мемлекеттік органдардың жоспарларын көрсетіп, көрермендерге олардың бағдарламаларын ұсынуды қолданғанда ғана, жетістікке қол жетеді. Материалдарды жәй ғана таратып қоймай, оны тұлғалар арқылы жандандыру қажет. Сонда ғана, біз жақсы нәтижеге жетеміз.Бұл тұрғыда біздің арналардың рейтингісінің төмендігі жөнінде айтқан құзырлы бір азаматтың пікіріне құлақ асуға тұрарлықтай. Онда Қазақстан ? бір орында отыратын адамдар елі деген пікір қалыптасқан. Ол, Сіздер неге отырыс залдарын көп түсіресіздер? - деген сауал қойды. Осы мәселе бойынша біз көп ойландық, тіпті жаңалықтар блогына да басқа форматты енгізбекпіз. Бұл көшіріліп алынған бір күннің шағын кесіндісі. Басқа нұсқа ? оқиғаның мәнін түсіну, оны берудің мәнері, нәтижелілігі, басқаша айтқанда мәселенің бастауы мен қорытындысын көрсету, осы немесе басқа да үрдіске мемлекеттік органдардың ықпалымен, бірлесу арқылы жетуге болады. Мен екінші моделді құптаймын. Біздің көрермендеріміз талапшыл. Оларды қазір мәселені тереңдете індету қызықтырады.- Сіздің телеарна интернетке бәсекелестік ретінде не ұсына алады?- Біз «СОС-кері байланыс қызметі» бағдарламасын құрдық. Ол электрондық үкімет жөнінде, технологиялық және серпінді тұрғыда жасалған. Апта сайын сәрсенбіде электрондық үкімет және интернет-технология жөніндегі соңғы жаңалықтар беріледі. Бұл туралы ресми адамдар ғана емес, жастар да айта бастады.Интернетте өздерін жайлы сезінетін талапты жасөспірімдер туралы да репортаждар дайындаймыз: сайттар, блогтар жасалады. Бағдарлама ауқымында компьютерлік сауаттылықтың маңызы туралы әлеуметтік көрсетілімдер болады. Бұл формат үлкен жетістікке ие. Негізгі мақсат ? үкімет пен халық арасындағы кері байланысқа қол жеткізу. Өйткені, бірқатар уақыттан кейін электрондық үкімет жұмыс істейтін болады. Сондықтан да, осы байланыстың тиімді болғаны мақұл. Айта кетейік, еліміздегі облыс орталықтарының бірінде әкім блогы тиімді жұмыс жасап жатыр, аймақ жұртшылығы өздерін қызықтырған кез келген мәселе бойынша үйінен шықпай-ақ, қажетті және толық ақпарат алады. Бағдарламада осы тәжірибе туралы да айтып жатырмыз.- Отандық тауар өндірушілердің ТД-ға жарнама уақыты бағасының қымбаттығы туралы кәсіпкерлер жиі-жиі айтып жүр. Осы мәселе бойынша мемлекеттік ТД-лар оларғы қолдау жасай ала ма?- Жарнама ? БАҚ-тар, оның ішінде мемлекеттіктері үшін де негізгі кіріс көзі. Біз өз дамуымызды өзіміздің табысымызға қарап жоспарлаймыз. Біз негізінен әлемдік брендтермен жұмыс жасап келгендіктен, соңғы уақытта екінші деңгейдегі банктердің біздің жарнамалық кеңістіктегі орындарының әлсіреп кетуі бізге оңай соғып отырған жоқ. Жарнаманың бағасы эфирге таратудың өзіндік құнынан ғана құралып қоймайды, олар барлық рыноктарда орташа бағамен белгіленді. Коммерциялық арналар жарнаманы орналастырудың бағасын көтеріп жіберді, бізге де солай етуге тура келеді. Бағалар рейтингіге және белгінің таралу аймағына да байланысты. Мәселе, біздің тауар өндірушілеріміздің ұйымдастыруларына да тікелей қатысты. Түрлі қауымдастықтар бар, олар өз ресурстары мен бренділік тауарларын біріктіріп, шоғырландырылған, әлеуметтік ролик ретінде шығарады. Біз өз компанияларымызға қашан да көмектесуге әзірміз. Олардың осылайша, әлеуметтік роликтер арқылы өз бренділерін насихаттауға мүмкіндіктері бар. Ал, жаңалықтардан біз олардың қызметінің жетістіктері мен нәтижелері туралы айтып береміз.- Оқиға орнынан интерактивті қосылу үшін не жетпейді?- Бұған техника жеткілікті. Интерактивті қосылуды біз «Бетпе-Бет» бағдарламасында пайдаланамыз. Жаңалықтарда интерактивтік қосылу жоқ, өйткені оқиғалар негізінен күндізгі уақытта болады. Наурыздың 23-нен бастап, жаңа форматқа өткен сәтке дейін жаңалықтар тікелей эфирде болып келді. Таңғы 9-дан бастап, түнгі мезгілге дейін. Түске дейін тікелей эфирде Алматы студиясының дикторлары шықса, түстен кейін ? Астана студиясы эфирге шығады. «Шұғыл» жаңалықтар қағаз бетінен оқылады. Келесі шығарылымда сарапшылар пікірі беріледі де, қорытынды жаңалықта оқиға толығымен қамтылады.- Арнаның бағдарлық ұстанымы қалай жүзеге асырылды?- «Арна медиа» холдингісінде мемлекеттік арналарды арнайы бағытқа салу мәселесі кәсіби тұрғыда талқыланды. «Ел Арна», «Қазақстан», «Хабар» арналары аудиторияларының бағыттары жасақталды. Мәселен, бізде 35-тен 55-ке дейінгі жас аралығындағы ерлер аудиториясы басым. Біздің міндетіміз, төменгі көлбеуді 25 жасқа дейін түсіру.Наурыздың 23-нен бастап жаңа бағдарламалар шығармақпыз. Біз эфирді бұрынғы ток-шоу бағдарламаларынан тазартуды көздеп отырмыз, өйткені, қазіргі уақытта жәй сөзден нақты шараларға қадам жасау қажет. Біз Reality-шоудағы «Тіл тірегі» бағдарламасын қайта жаңартып, оны «Қазақшаңыз қалай?» деп атап, онда жинақталған тәжірибелерді нақты пайдалануға көшпекпіз. Сәуірдің соңына қарай «Сіздің шығатын уақытыңыз» ток-шоу бағдарламасы жоспарланып отыр, онда дағдарыс жағдайында қаржы құралдарын дұрыс пайдалану жайы әңгіме болмақ. Бұл экономикалық сауатсыздықты жоюға арналған бағдарлама. Нақты қиындыққа кездескен адамдар студияға шақырылып, оларға, көрермендерге құқықтық, қаржылық, психологиялық кеңестер беріледі. Бұдан да басқа жаңа бағдарламалар әзірлену үстінде. Мәселен, «Дудар-ай» - кешкі ойын-сауық шоу бағдарламасы, онда әзіл-сықаққа, достық әзілге орын берілген. Ал, «Отбасы формуласы» бағдарламасы танымал саясаткерлерге, шоу-бизнестің жұлдыздарына, кино және театр майталмандарына, жазушыларға, қоғам қызметкерлеріне аналған. Деректі фильмдер циклы да алдағы жоспарда тұрған дүниелер.- «Хабар» үшін қандай арна бағдар бола алады?- Әлемде, брендтік ең үздік бағдарламалар әлдеқашан жасалып қойған. Солардың ішіндегі, ақпарат таратудағы үздік саналатыны ? ресейлік РБК арнасы. Олардың эфирлік кестені құраудағы логикасы өте қызықты. Сондай-ақ, «Си-Эн-Эн» - нағыз интерактив. Мұнда, күні бойы тікелей эфир беріледі және оған АҚШ-тың барлық штаттары мен Еуропаның сарапшылары қатысады. «Хабар» осындай арналарды бағдарға алады және өзінің көрермендер аудиториясының ақпараттық тұтынуын қанағаттандыруға дайын.