19:21, 21 Сәуір 2009
Біздің барлығымыз әртүрлі салаларда күнделікті көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушымыз ? Б.Рақымбеков
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Біздің барлығымыз күнделікті тіршілікте білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, сауда және көлік, әділет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тағы басқа салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушымыз. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен дөңгелек үстелде Партиялық
бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мемлекеттік институттар жұмысының бағасы жоғарыда аталған қызметтер қалай көрсетілетініне, олар қаншалықты біздің сұранысымызға жауап беретіндігіне тәуелді. Партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес, Партиялық бақылау комитеті алдағы мамыр айында өтетін кезекті отырысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысын талқылауды жоспарлап отыр», - деп атап өтті Партиялық бақылау комитетінің төрағасы.Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның азаматтық альянсы президенті Айгүл Соловьеваның айтуынша, егер әрбір тұтынушы ? еліміздің азаматы мемлекет ұсынуы тиіс стандарттардың азын-аулағын білсе, әлеуметтік түсініспеушілік азырақ болар еді. «Мемлекеттік билік жүргізген қандай да болмасын әлеуметтік саладағы реформалар ойдағыдай жүзеге асырылғандығы мәлім. Бұған жұртшылық белсенді көмек көрсетті деуге болады», - деп атап өтті ол.