Біздің қоғам көнерген ескілік пен жаңа үрдістердің айырмасын жақсы біледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алты құрлықтың аузын ашып, көзін жұмдырған ЭКСПО-2017 қарқын ала бастағанда Елордада Х Астана эко­номиялық форумы өтіп, әлем назары тағы да Сарыарқаға ауды. Кейбір сарап­шы­лардың биылғы жазда Астананың Женева, Давос, Ватикан сияқты әлем назары ауған жаһандық саяси-эконо­микалық орталық­қа айналғаны туралы пікір айта бастауы да, біздіңше, қисынға келіп тұрғандай.

Астана форумының басты ұстаным­дарының бірі - әлемдік валюта саяса­тының трансформациясына қол жеткі­зу. Бұл жолы қазақ Президентінің аузы­нан ықтимал криптовалюта тура­лы, оның демократия­лық сипатта бо­луы туралы сөз шықты. Сондай-ақ, жаһанның жаңарған эко­номикасы алдымен экологияға залал кел­тірмеуі керек. Бұл жолы да жоғары дең­гейдегі мінберлерден жаһандық жы­лыну, парникті газдар туралы әңгіме қозғалды. Ал осындай бастамалардың басиесі болып отырған қазақ елінің қазіргі кезең­дегі қолжеткен жетістіктері қазіргі мәрте­бесіне қаншалықты дәрежеде сәйкеседі, дегенге келейік.

Алдымен айтарымыз, ЭКСПО-2017 деңгейінде көтеріліп отырған бала­малы энергия, экология мәселесіне келсек, біздің елде осы кездің өзінде экологиялық таза негізде жұмыс істеп отырған 50 ірі кәсіпорын бар. Оған қоса Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттер дағдарыс әсерінен кібір­тіктеп адымын аша алмай қалған тұста, яғни, бірінші тоқсанның қоры­тындысы бойынша 3 пайыздық эконо­микалық өсімге қол жеткізіп отыр.

Сондықтан қарқынды осы бағытта ұстап, үстіміздегі жылдың аяғына дейін өсім мөлшерін арттыра беру керек. Сарапшылар біздің елдің бұл жетіс­тігін Президент Назарбаев белгілеген үшінші жаңғыру бағдарламасымен байланыс­тыра­ды. Әлбетте, бұл бағдар­лама - ұзақ жылдар еншісіне ойлас­тырылған шара. Ендігі мәселе оның лайықты деңгейде жүзеге асыры­луын­да.

Қазір алға қойған міндеттерді одан әрі жүзеге асыру жоспарлары жаса­лынуда. Рас, арнайы қаржыландыруды талап ететін жобалар да бар. Дегенмен, үшінші жаңғыруға сәйкес межеленген жоспарлар­дың көбі республикалық бюджеттен қосымша қаржы талап етпейді.

Дегенмен, жалпақ жаһанды жайла­ған дағдарыстың бізді де айналып өтпей­тіні белгілі жәйт. Басты әңгіме басында Қазақ­стан Президенті тұрған Еуразия­лық Эко­номикалық Одақтың қаржы­лық-эконо­микалық жағдайына байла­нысты.

Екінші тоқсанның, яғни, жарты жыл­дықтың қорытындысы әзірге жаса­лынған жоқ. Ал жылдың бірінші тоқса­нында еуразиялық елдер арасындағы сыртқы сауда 37, өзара сауда 38 пайызға өсіпті. Ал Қазақстанның экономикалық одақтағы әріптестерімен саудасы 56,5, Ресеймен және Беларусьпен арадағы сауда 50, Қырғыз­станмен 41 пайызға өскен. Дегенмен, экономикалық одақтағы елдердің өзара тауар айналымында кедер­гілер де жоқ емес.

Сондай-ақ, Қазақстан Республика­сының алдында алыс шет елдердегі халықаралық әріптестермен сауда-эко­номикалық қатынас жүргізудің жауап­ты міндеті тұр. Әсіресе, Иранмен, Қытай­мен, Үндістанмен, Сингапурмен, Сириямен, Израильмен, басқа да бізбен сауда байла­нысына құлықты елдермен сауда-саттықты өркендету ләзім.

Еліміздің алдында тұрған келесі бір міндет - технологиялық жаңғырудың жол картасын жасау, қазіргі кезде әкім­шілік­тер, ірі холдингтер мен ком­пания басшы­лары бірлесіп соның дайындығын жүргізуде. Әрі осы шаралардың бәрі қазіргі кезде бүкіл әлемнің назарын аударып, Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 мен таяуда аяқталған Астана форумы­ның талапта­рына толық сәйкес келеді.

Қазіргі таңның ел ішіндегі ең басты мін­дет­тері - «Болашаққа көзқарас: қо­ғам­дық са­на­ны жаңғырту» бағдарла­масында қойыл­ған міндеттерді жүзеге асыру.

Ол туралы Астана форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

- Біз көнерген өлшемдерді жал­ғас­тыруды тоқтатуға әзірміз. Өйткені, біздің ғасырымыз - мүлдем жаңа дәуір. Сон­дық­тан біз үшін өткеннің ең құнды нәрсе­лері­нің ғана қалуы маңызды. Ал тиімсіз нәр­сенің бәрі өткенмен кетуге тиісті. Біздің қоғам көнерген ескілік пен жаңа үрдістердің айырмасын жақсы біледі. Ендігі сенім сонда, - деп атап көрсетті.