Журналистер сұрақтарына жауап берген экипаж командирі Александр Скворцов, ғарыш кемесінің қонуына кедергі келтіріп, оны бір күнге кейін шегерген штаттан тыс жағдайға түсініктеме бере кетті.
«Біздің қонуымызды бір күнге кейінге қалдырған штаттан тыс оқиға әрине күрделі болды, дегенмен біз оған дайын болуымыз керек», - деді ол. - Біз осы проблеманы дер кезінде анықтап, көп қиыншылықсыз оны орнына келтіруге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз».