10:42, 13 Сәуір 2009
Біздің өмірімізде діннің маңызы қандай - оқушылар талқысы
СЕМЕЙ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Курчатов қаласының жоғары сынып оқушылары «Біздің өміріміздегі дін. Тыйым салынған діни секталар» деген тақырыпты арқау еткен «дөңгелек үстел» отырысының басында кездесті. Олармен бірге бұл күрделі мәселені талқылауға қалалық мешіттің наиб-имамы,
Діни конфессиялармен байланыс жөніндегі кеңестің, әділет басқармасының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, полиция мен мектептердің ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Диалог барысында оқушыларға Қазақстан аумағында тыйым салынған діни лаңкестік ұйымдар туралы, олардың тарапынан төніп отырған қауіп-қатерлер мен діни экстремизм идеяларын тарату үшін қарастырылған жазалау шаралары туралы ақпараттар таныстырылды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген көптеген сауалдарға жауаптар алды. Кездесуді қорытындылаған Курчатов қаласының Діни конфессиялармен байланыс жөніндегі кеңестің төрайымы Елена Старикова, «біз әрқашан есте ұстайтын ең басты мәселе ? қазақстандықтарға тән толеранттылық, достық, ұлтымыз бен діни сенімімізге қарамастан, бір-бірімізді құрметтеу қағидалары әрқашан сақталуы керек, келешекте еселене түсуі керек. Қазақстандағы бейбітшіліктің, тыныштық пен рухани келісімнің негізі осында. Біздің елімізде бейбітшілік пен жалпыұлттық келісімді насихаттайтын діндерге орын бар», - деп атап көрсетті.