«Бүгінгі матч көрсеткендей, Қазақстанның құрама командасында ілгерілеу бар. Сондықтан осы жұмысты жалғастыра беру қажет. Ал, ең бастысы, біз балалар арасындағы хоккейді дамытуымыз қажет. Себебі бізде резерв болуы шарт», - дейді А.Хомутов.
Осы орайда бірнеше жылдан кейін шайбалы хоккейден Қазақстанның құрама командасы жоғары дивизиондарда өнер көрсете алатындығына сенім білдірген ол: «Бұның бәрі болады. Біздің хоккейшілер алдағы уақытта «А» сияқты жоғары дивизиондарда өнер көрсететін болады. Бірақ, тағы қайталап айтамын, біз балалар арасындағы хоккейді ұмытпай, оны дамытуға міндеттіміз», - деді.