АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын біріктіретін цифрлық платформа құрылады. Осы бағыттағы меморандумға бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Меморандумда тараптардың шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын біріктіретін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясындағы «бір терезе» қағидаты бойынша Бірыңғай цифрлық платформа құру жөнінде бірлескен жұмыс жүргізетіндігі айтылған.
Сондай-ақ, тараптар шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру және автоматтандыру үшін «бір терезе» қағидаты бойынша кейіннен Бірыңғай цифрлық платформағаа интеграциялану арқылы өзара әрекеттеседі және қажетті ақпаратпен алмасатын болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.