Ол бұл пікірін бүгін Астанада аталмыш бағдарламаны іске асыру аясында бірқатар құжаттарға қол қою рәсімінде айтты, деп хабарлайды қазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, бұл банктер және кәсіпкерлер үшін маңызды бағдарламалық жұмыс құжаттары болып табылады. Еліміздің бизнесі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі дамудың бастапқы сатысында ауқымды қаржылай қолдауға ие болады, бұл өте маңызды. «Банктердің төлемпаздық қабілеті айтарлықтай жеткілікті. Бірақ та, төлемпаздықты ұзақмерзімді қаржыға айналдырып, біздің кәсіпкерлерге нақты көмек көрсету үшін бірегей қаржылық құралдар қажет еді. Оны біздің Үкімет ұсынды. Сөйтіп бағдарлама аясында кәсіпорындардың несиелері субсидияланатын, оларға кепілдік берілетін және кәсіпкерлік сектор сауықтырылатын болады», деді ол.