«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын дамыту мәселесінің тұтастай республикада да, нақты алғанда Ақмола облысында да өте зор маңызы бар, сондықтан да облыс әкімі, банктер, кәсіпкерлер оған бірінші кезекті маңыз берулері тиіс», - деді К.Мәсімов.
«Елде ақша бар, осы ақшаның нақты өндірушілерге жетуінің зор маңызы бар», - деп атап көрсетті ҚР Премьер-Министрі. Үкімет басшысының айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» өзіміздің ұлттық өндірісті дамытуға, біздің азаматтарымыз үшін жұмыс орындарын құруға есептелген».
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Премьер-Министрі К.Мәсімов Ақмола облысында жұмыс сапарында жүр.