Облыс әкімі Қанат Бозымбаев Талас ауданы Қаратау қаласында салынып жатқан нысанды аралады.
Құрылыс мердігері - «МұнайҚұрылысСервис» құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңында аяқтауды жоспарлауда.
«Бизнестің жол картасы-2020» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде нысанға су, газ, телефон желісін тартуға арналған инженерлік коммуникация құрылысына қаржы бөлінді, жол салынуда.
Жамбыл облысы «Талас инвестмент» ЖШС натрий цианидін шығарумен айналысатын болады.
«Компания зауытқа жергілікті тұрғындардың барынша көбірек тартылуын басты назарына алғаны жөн, - деді нысанды аралау кезінде Қ. Бозымбаев. - Компания жергілікті бюджетті салықпен толықтырып отыру үшін біздің облысымызда тіркелді».
Аудан әкімдігінің бағалауынша, кәсіпорын жыл сайын 150 млн-ға дейін аудара алады.
Зауыттың іске қосылумен аймақта 500-дей жұмыс орны пайда болады. Компания директоры Бақтияр Алдашовтың сөзіне қарағанда, қызметкерлердің орта буынын негізінен жергілікті мамандар құрайды.