ОРАЛ. 28 қазан. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атақты ғалым, ҚР ҰҒА және Ресей ауыл шаруашылығы академиясының академигі, ғылым докторы, профессор Рахымжан Елешевті қабылдап, құрмет көрсетті.
Облыс басшысы академикті 75 жасқа толуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Кездесу барысында Ақ Жайық өңірінде ауыл шаруашылығын ғылыммен ұштастыра дамыту мәселелері сөз болды.
Мерейтойына орай туған жеріне келген академик Р.Елешев Орал қаласы мен Қаратөбе ауданында өңір жұртшылығымен кездесіп, халықтың ықыласына бөленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).