Құрметті Дәурен Кеңесұлы!
Сізді және Сіз арқылы ұжымды халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігінің 95 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде агенттік ел және шетел жаңалықтарымен оқырмандарын тұрақты түрде сусындатып келеді. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысымен де байланыс орнатып, өңірдегі жылт еткен жаңалықтар мен толымды материалдарды бұқара халыққа дер кезінде жеткізуде.
Халықтың ой-арманы мен мақсат-мүддесі биігінен табылып жүрген Сіздерге зор ризашылығымды білдіремін.
Игі жақсылықтар мен ізгі істердің жаршысы һәм жанашыры бола білген агенттік ұжымы мемлекетіміздің оң имиджін орнықтыра беру мақсатында одан әрі жұмыс жасай береді деген сенімдемін.
Ұшқыр қаламдарыңыздан ұтымды ойлар төгіле берсін, Сіздерге шалқар шабыт, шығармашылық табыс тілейміз. Қашан да халықтың ой-ниеті мен арман-мақсатынан шыға берулеріңізге шынайы тілектестігімді білдіремін.
Жазар тың дүниелеріңіз көп болсын!» деп жазылған құттықтауда.