БҚО әкімі Н.Ноғаев ақын Қайрат Жұмағалиевті қабылдады

ОРАЛ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - 16 қыркүйек күні облыс әкімі белгілі ақын Қайрат Жұмағалиевті 75 жасқа толуына орай қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесуде облыс басшысы кейінгі жылдары Орал қаласында тұрып жатқан ақынның хал-жағдайын, шығармашылық тыныс-тіршілігін сұрап білді. «Жүздесуде қазіргі әдебиеттің дамуы, алдағы іс-жоспарлар туралы әңгіме болды. Мен облыс басшысына баспаға жаңа кітабымды дайындап қойғанымды айттым», деді Қ. Жұмағалиев.

Қайрат Жұмағалиевтің 75 жылдық мерейтойына орай шаралар өңірде қыркүйек, қазан айларында өтетін болады.