ОРАЛ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП бастамасына орай «Өзіңнен баста!» шарасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз табысын жария етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, облыс басшысының отбасына ай сайын табыс ретінде 461 мың теңге кіреді. Әкім қызметтік үйде тұрады.
Сондай-ақ БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Бекқайырдың табысы да белгілі болды. Оның 2013 жылдың бес айындағы кірісі 1323977 теңгені құрайды. Айлық жалақысы - 186424 теңге. Қалада жеке үйі бар, басқалай жылжитын немесе жылжымайтын мүлкі жоқ.
БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мерген Магутовтың жыл басынан бергі алған таза жалақысы (салықсыз) - 747572 теңге. Бір айлық еңбекақысы - 149979 теңге. Жылжитын немесе жылжымайтын мүлкі жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).