ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында 14 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың айтуынша, жаңа үйлер ауыл көшелеріне ерекше сән беріп, осы өңірге қажетті жас та білікті мамандарды баспанамен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Тұрғын үйлер мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ аз қамтылған азаматтар мен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз өскен жастарға, апатты үйлерде тұрғандарға кезек бойынша берілді.
Қоныстойға Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Бөкей ордасы ауданы Хан ордасында өткен мерейтойлық шараларға келген Асанәлі Әшімов бастаған өнер тарландары мен ақындар қатысып, баспана иелеріне құтты болсын айтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).