ОРАЛ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасында 18 төсектік жалпы салалық шаруашылық есептегі терапиялық бөлім ашылды.
Аурухананың баспасөз қызметінен Флюра Саматованың хабарлағанындай, мұнда дәрігерлік-медициналық тексерудің барлық түрі жүргізіледі және қажет жағдайда салалық мамандар кеңес береді. Жаңа бөлімге жоғары санатты дәрігер-терапевт Рита Жанғазиева жетекшілік етеді. Бөлімдегі орта буын медқызметкерлердің бәрі - тәжірибелі мамандар. Негізгі емдеу мерзімі - 7-10 күн. Палаталар емделушілерге керекті тұрмыстық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).