ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті кинолог-мамандардың кәсіби біліктілігі мен даярлығын арттыруға үнемі көңіл бөліп келеді.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы мақсатта кинологтар арасында байқау өткізілген. Оған иттерімен сегіз маман қатысып, жеті минут ішінде автокөлікте жасырылған «марихуана» мен мекенжайдағы «героинді» табуға тиісті болды. Сайыс қорытындысында есірткі заттары контрабандасымен күрес бөлімінің маманы Ербол Аймағанбетов жеңіске жетті, оған Чикколина атты неміс овчаркасы көмектесті.
Жалпы, 2010 жылы департамент қызметкерлері шекара асып бара жатқан есірткінің 40 айналымына тосқауыл қойып, сол бойынша 21 қылмыстық іс қозғады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).