ОРАЛ. 18 маусым. ҚазАқпарат - 16 маусым күні ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Әлиақпар Мәтішев БҚО бойынша монополияға қарсы инспекциясы ұжымына осы мекеменің жаңадан тағайындалған басшысы Валихан Разовты таныстырды.
Ә.Мәтішевтің атап өткеніндей, Валихан Әлиханұлы - жергілікті кадр, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген, тәжірибесі мол. Еңбек жолын № 118 «Уральскмелиорация» жылжымалы механи-
каландырылған колоннасында бетон құюшы болып бас-
тап, бірқатар компанияда, облыстық салық басқармасында, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде жұмыс істеді. «Алгоритм» технопаркінің директоры болды. Монополияға қарсы инспекциясының бастығы қызметіне Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратынан ауысу тәртібі бойынша тағайындалды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев инспекция бастығы В.Разовқа жаңа қызметінде тың табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді.
Инспекцияның бұрынғы басшысы Мәлік Мәдияров Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы болып тағайындалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).