ОРАЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының бюджеті соңғы он жыл ішінде 9,6 есеге өсті.
Облыстық қаржы басқармасының бастығы Асқар Хамитовтың айтуынша, ғасыр басында облыс қазынасы 11,0 млрд. теңге болса, 2010 жылы 105,9 млрд. теңгеге жетті. Осының өзі-ақ қаржы қызметкерлерінің қажырлы еңбегін көрсетеді.
Жалпы, өңірдегі қаржы қызметінің құрылуы 1917 жылдан бастау алады. Сол жылғы ақпанда Орал қаласында ревкомның қаржы бөлімі де құрылып, бөлім алқасының алғашқы мәжілісі өткізілді. Содан бері қаржы қызметі қалыптасу кезеңдерінен өтті. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алып, төл теңге айналымға енгеннен кейін қаржыгерлер құлашы жазыла түсті. Ерен еңбегімен еленіп жүрген қаржы саласының қызметкерлері де баршылық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).